«Chem-Invest» ЖШС 2006 жылы құрылып, мұнай кәсіпшілігіне, бұрғылауға арналған және басқа да химиялық реагенттерді жеткізумен және өндірумен айналысатын 100% Қазақстандық кәсіпорын болып табылады. Қазіргі уақытта «Chem-Invest» ЖШС-нің Атырау қаласында мұнай кәсіпшілігі химиясын өндіру зауыты және Орал қаласында минералдық тыңайтқыштарды өндіру зауыты (Н-П-К), сусымалы реагенттерді ЖКР-ге өлшеп орау цехы бар. Компания «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ-ның бірыңғай тізілімінде тауарлармен және қызметтермен әлеуетті қамтамасыз етуші ретінде және отандық тауар өндіруші ретінде тіркелген.
Ұсынылатын сервис пен тауарды үнемі жақсартып отыру мақсатында компания химия өнеркәсібі саласындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық құрған.
«Chem-Invest» ЖШС-нің клиенттері Халлибуртон Интернешнл Инк. Филиалы, Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернешнел Б.В. Филиалы, Kaz M-I ЖШС, Бейкер Хьюз Сервисез Интернэшнел, Инк. Корпорациясының Филиалы, «ҚазМұнайГаз» БӨ, MH-Industry ЖШС және т.б. компаниялар болып отыр.
Біздің көзқарасымыз – Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі мен аграрлық секторы үшін материалдармен және қызметтермен ең үздік, озық әрі жауапты қамтамасыз етуші болу.
Компания аккредитацияланған және оның мынадай сәйкестік сертификаттары мен лицензиялары бар:
Біз Dow Europe компаниясының Қазақстандағы ресми өкілдері болып табыламыз.
Мұнай-газ өнеркәсібінде бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде жасалатын жұмыстардың сапасын арттыра алатын бұрғылау ерітінділерінің құрамына кіретін негізгі және қосымша химиялық реагенттер қажет етіледі.
Біз бұрғылау ерітінділерін дайындауға арналған әр түрлі химиялық реагенттерді тікелей өндірушілерден ұсынамыз. Біз әр түрлі жұмыс сұлбаларын қарастырамыз, соның ішінде біздің клиенттеріміз үшін химреагенттерді қоймада сақтауды ұйымдастыру, құрғақ химиялық реагенттерді тапсырыскердің формуласы бойынша араластыру және «бір қаптың ішіндегі бұрғылау ерітіндісі» деген өнімді дайындау бар.
Өнімдер:
Химия өнімдерінің нарығында тұрақты түрде сұранысқа ие болып отырған мұнай кәсіпшілігінің химиялық реагенттерін жеткізу үшін Атырау қаласындағы мұнай-химия кешенінің аумағында орналасқан, оларды өндіретін цехтың жұмысы жолға қойылды.
Мұнай кәсіпшілігінде химиялық реагенттердің тиімді пайдаланылуы үшін біздің компания тапсырыскердің өндіру жүйесін зерттеу, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізу, мұнай кәсіпшілігінде химиялық реагенттердің тиімді пайдаланылуына мониторинг жүргізу бойынша қызмет көрсету үшін инженерлердің іссапармен баруын ұйымдастырады.
Өнімдер:
Ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сұрыпталымын кеңейту шеңберінде біз барлық газтурбинді қондырғылар үшін турбиналарды, қозғалтқыштарды және компрессорларды жууға арналған жуғыш сұйықтық өндірісінде маманданған ZOK International Group компаниясының өнімдерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болдық.
ZOK компаниясының бүкіл өнімдері – биологиялық жолмен ыдырайды және қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына сай келеді. ZOK өнімдерін Ұлыбританияның Қорғаныс Министрлігі, сондай-ақ басқа да танымал компаниялар аккредитациялаған.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде ZOK International Group компаниясының клиенттері General Electric, Rolls Royce, Siemens, Shell, Maersk Drilling, Gazprom, Exxon Mobil, Aeroflot, Transaero, Embraer сияқты компаниялар және көптеген басқа да танымал компаниялар болып отыр, мұның өзі бұл компанияның өнімдерінің сапасын қуаттайды және Қазақстанда оған өкілдік ету біз үшін абырой.
Өнімдер:
Біз, әртүрлі саладағы түрлі талаптарға жауып беретін кең көлемдегі тиімді және сенімді жабдықты ұсынамыз.
Біздің компания келесідегідей салаларға суды тазалау және суды дайындау бойынша шешімдер ұсынады:
Chem-Invest компаниясының суды тазалау технологияларына жатады:
Құрамында микроэлементтері бар (N:P:K, тыңайтқыш қоспалары) кешенді азот-фосфор-калий тыңайтқыштары барлық егістік дақылдарын олардың өсуі мен дамуы үшін қажетті барлық қорек құрамдастырмен қамтамасыз етеді және алынатын өнімнің сапалық сипаттамаларының жақсаруына себептеседі.
N:P:K-тыңайтқыштарды дайындау жұмысы кешенді тыңайтқышты қолданғаннан кейін одан ең жоғары нәтиже алуға себептесетін оның құрамдастарының пайыздық арақатынасын құру үшін, өңделетін топырақтың биохимиялық көрсеткіштері ескеріліп жүргізіледі (мысалы, N:P:K 16:16:16 немесе 16:23:23 және т.б.).
Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтымен жасалған ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы бірлескен шарт ҒЗИ мамандарының топырақтың химиялық құрамын анықтауы үшін топырақтың сынамаларын алуға және талдауға мүмкіндік беріп отыр.
N:P:K-тыңайтқыштарды қолданудың артықшылықтары, жай тыңайтқыштармен салыстырғанда, мынада:
Біздің жабдығымыздың өнімділігі – сағатына 20 т дайын өнім.
500-2000 кг ЖКР-ге өлшеніп салынады.
Хлорлы калий – қойылтылған минералды тыңайтқыш, ол ауыл шаруашылық дақылдары үшін таптырмайтын калий көзі болып табылады, оны топыраққа салған кезде өсімдіктердің қатқаққа, қуаңшылыққа және зиянды жәндіктерге төзімділігі артады. Хлорлы калий дұрыс калий қорегін қамтамасыз етеді, азоттың сіңу жылдамдығын арттырады, ұлпалардың мықтылығын арттырады, өсімдіктердің функционалдық жүйесін жақсартады.
Қазіргі уақытта біз Қазақстанда бұл өнімнің аса ірі импорттаушысы болып отырмыз.
800-2000 кг ЖКР-ге өлшеніп салынады.
2014 жылдың қыркүйегінде біздің компания өнімділігі сағатына 120 т қазіргі заманғы Голланд жабдығында Мұнай-газ және агроөнеркәсіп салаларына арналған сусымалы химиялық реагенттерді 500 кг - 2000 кг ЖКР-ге өлшеп орау цехын іске қосты. Негізгі артықшылықтары жұмыстарды автоматтандырудың қамтамасыз етілуінде, өнім мен дайын шикізаттың сапасына қатаң бақылау жасалуында жатыр. Өнімділігі сағатына 120 т дейін жететін бункер-қабылдаушы бар, бұл сусымалы жүктерді қабылдап, содан соң ЖКР-ге өлшеп орауға мүмкіндік береді.
![]() |
Culligan компаниясы өз саласында әлемдік рыноктың 40% жабатын су тазалау және су дайындау бойынша әлемдік кошбасшысы болып табылады. www.culligan.by |
![]() |
«Уралкалий» ААҚ - әлемдегі жетекші калий өндіруші, хлорлы калий өндіру бойынша әлемде бірінші орынға ие. www.uralkali.com |
![]() |
The Dow Chemical Company – әлемдегі аса ірі диверсияланған химия компаниясы. www.dow.com |
![]() |
ЖШС "Сібір метанол химиялық компаниясы". www.sibur.ru/ |
![]() |
"Щекиноазот" БХК. n-azot.ru |
Зиракс компаниясы. www.zirax.ru | |
![]() |
«Каустик» акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы. www.caustic.kz |
ЖАҚ «Розма». www.rosma.ru | |
«M & S Group» ЖШС, Атырау қаласы. |